"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде Шағалалы ауылында спорттық-ойын алаңын жайластыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2 заманауи кешен орнатылды: ойын және спорт, олардың соңғысы өз кезегінде тренажер аймағына және workout кешендеріне бөлінеді. 1 жастан асқан балалар үшін "Савушка"кешені құрылды. Айта кету керек, осы жобаны әзірлеу кезінде барлық мүмкіндіктерді ескере отырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған кешен орнатылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ойын алаңында тартан жабыны бар. Жобада жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан округтің үш жас тұрғыны жұмысқа орналастырылды. Бұл спорттық-ойын алаңы балалардың өсіп келе жатқан ағзасын дамытуға және нығайтуға және ересектердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Барлық жастағы тұрғындар мен қонақтар үшін бос уақытын көңілді және пайдалы өткізуге тағы бір мүмкіндік пайда болды! Мүмкін, бұл болашақ чемпиондардың алғашқы трамплині болатын орын.
Округте ескі, иесіз мүліктерді бұзу бойынша жұмыс жүргізілді
Округтің барлық елді мекендері бойынша көше жарықтандыру мәселесі шешілді! Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС-гінің директоры Б.Қ. Канафинның қолдауымен Шағалалы және Южное ауылдарында көше шамдарын орнату бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Барлығы 85 шам орнатылды. Сондай-ақ, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында Шағалалы ауылында 26 шам орнатылды. Степное ауылында күн батареяларында жұмыс істейтін 35 шам орнату "Жасыл экономиканы" дамытудың жақсы бастамасы болды. Олардың негізгі артықшылықтары-қауіпсіздік, экологиялық, ұзақ мерзімді пайдалануы, және, мүмкін, олардың басты артықшылығы-орталықтандырылған электрмен жабдықтауды және электр қуатын қажет етпейтіні. Округ тұрғындары атынан "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС-гінің кәсіпорнына демеушілік көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
Аудан әкімі Р.М. Елубаевтың қолдауымен Шағалалы ауылының Мәдениет үйі аумағын жаңа қоршау мәселесі шешілді. Округ тұрғындары жаңа көріністе мәдениет ошағын көруге өте қуанышты. Істеген жұмыс пен жасалған әсемділігі үшін барлығына алғыс айтамыз!
"Елді мекендерді абаттандыру" бағдарламасы аясында Шағалалы ауылында "Шағын футбол алаңын абаттандыру" жобасы бойынша жұмыстар орындалды. Мердігер: "Тарлан-НС" ЖШС-гі, директоры А. Ж. Қаркенов Нұр-Сұлтан қ.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі шеңберінде "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС-гінің директоры Б.Қ. Канафинның қолдауымен Шағалалы ауылындағы Луговая көшесінің ағымдағы жөндеу өткізілді.
Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша Шағалалы ауылында спорт - ойын алаңын жайластыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды мердігер "STRONG SERVISE" ЖШС орындайды. Аталған бағдарлама бойынша осы жобаға үш жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.
Абаттандыру ережелерін сақтау бойынша жаднама
Құрметті Ша5алалы ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!
Әрқайсымыз ыңғайлы және жайлы жағдайда өмір сүріп, жұмыс істегіміз келеді.
Оны бірге жасайық!
Сіздердің назарларыңызды облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы қалалары мен елді мекендері аумақтарын абаттандыру қағидаларына аударамыз.
Сіздерге көмек ретінде абаттандыру қағидаларының жекелеген ережелерін ұсынамыз.
I. Жеке және заңды тұлғалар:
• және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта;
• қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды;
• дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
• ғимараттардың қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.
ІІ. Жол берілмейді:
• жалпыға ортақ пайдаланылатын алаңдар мен демалыс аймақтарын, көшелерін ластауға;
• тұрғын орамдарда, ортақ пайдалану орындарында, су бөлетін мұнаралардың жанында, су айдынында, көпшілік демалу орындарында, тұрғын үйлердің подъездері жанында көлік құралдарын жөндеу және жууға;
ІІІ. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабына сай жауапкершілік басталады:
ескерту немесе айыппұл салуға әкеп соғады:
жеке тұлғаларға- 50000 теңге мөлшерінде (20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), бір жыл қайтадан бұзған жағдайда - 75 750 теңге (30АЕК);
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-75 750 теңге мөлшерінде (30АЕК), бір жыл қайтадан бұзған жағдайда - 96 200 теңге (40АЕК);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне- 101 000 теңге мөлшерінде (40АЕК), бір жыл қайтадан бұзған жағдайда - 120 250 теңге (50АЕК);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- 240 500 теңге мөлшерінде (100АЕК), бір жыл қайтадан бұзған жағдайда - 120 250721 500 теңге (300АЕК); бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Құрметті достар! Қашан біреу тәртіпке шақырып келеді және оны біз үшін басқа біреу орнатады деп есептеудің қажеті жоқ! Сондықтан бізге, біздің балаларымыз бен немерелерімізге жайлы болатындай етіп жасайық!