2016 жылдың қазанындағы Шағалалы ауылдық округ әкімінің халыкпен есептік
кездесулер тізбелік кестесі
  
ауылдық округінің атауы
Жұма
сейсенбі
бейсенбі
15 қаңтар
19 қаңтар
28 қаңтар
Шағалалы
Шағалалы а/о әкімінің есеп  беруі Степное селосы Степное НМ
 сағат 14-00 де
Шағалалы а/о әкімінің есеп беруі Южное селосы дәрігерлік пункті сағат 10-00 де
Шағалалы а/о әкімінің есеп беруі Шағалалы орта мектебі
сағат 14-00 де
Шағалалы ауылдық округ әкімі                  Г.Добромирова
 
Шағалалы ауылдық округі бойынша
үмдеулер, ескертулер және ұсыныстар жинау жәшіктерін
орналастырған орындар туралы
А Қ П А Р А Т
т/б
Округтің атауы
Елді мекен атауы
Тұрғындар саны
Орнатқан жәшіктер саны
Жәшікті
Орнатқан орны
1
Шағалалы ауылдық округі
Шағалалы а.
1253
1
Шағалалы орта мектебі, 1 этаж, фойе
1
СҚАШТС ЖШС-гі орталық кеңсе, 1 этаж, фойе
1
ЖК «Меденников»
 «Арикцем» дүкені
1
Мәдениет үйі, фойе
1
Меркер Л.Н. ЖК «Багульник» дүкені
1 Свистунов В.А. ЖК «Мечта» дүкені
1
Свистунов В.А. ЖК «Глория» дүкені
1
«СҚАШТС» ЖШС -ң  «Элита» дүкені
2
Степное с.
238
1
Степная негізгі мектебі, фойе
1
 Кардашова Н.А. ЖК
 «Смак» дүкені
1
«СҚАШТС» ЖШС -ң 
МТШ -сы
3
Южное с.
105
1
«СҚАШТС» Астық қырманы, зертхана
1
дәрігерлік пункт, фойе
1596
13
Шағалалы ауылдық округ әкімі                      Г. Добромирова
 
«2015 жылғы ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы» Шағалалы ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің орындалуын іске асыру мақсатында және мәнді мерейтой іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуде, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында,  сондай-ақ жоғарғы мемлекеттік органдарының нұсқауы бойынша, азаматтар өтініштерін ескере отырып  «Шағалалы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-нің 2015 жылғы жұмысытиісті негізінде жоспарланып, зор дайындық шеңберінде өткізілді.
Шағалалы округінде есептік күнге 1612 адам тұрады, оның ішінде Шағалалы ауылында  - 1263, Степное селосында -241, Южное селосында -108. Экономикалық белсенді тұрғындар - 870 саналады, зейнеткерлер – 250,   15  жасқа дейінгі балалар - 371. Округте 2015 жылы 19 бала туылды, 11 адам қайтыс болды.
Есепті кезеңінде «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңын орындау мақсатында әкім аппаратымен тиісті жұмыстар өткізілді. Жер теліміне жеке меншік құқығын беру туралы –10 шешім қабылданды,  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес  12 қызмет көрсетілді, жеке қабылдау барысында әр түрлі сұрақтармен 14 азаматтың өтініштері қаралды, 174 нотариалдық әрекет жасалып, 18 азаматқа АХАЖ органынан құжаттарын алуына көмек көрсетілді.
«ҚР-ғы жалпы әскери міндеттері туралы» Заңын орындау бойынша тиісті кезеңінде тіркеу және шақыру кампаниясы өткізілді. Әскери есебіне қою, есептен алу жұмыстары жүргізілді, әскерий есепке 8 адам қойылды. Бір адам ҚР ӘК-ң  қатарына шақырылды.
Жергілікті салық жинау жөніндегі жеткізілген жоспары орындалды.
Округтің  дамуына    «Тәжірибе ауыл шаруашылық станциясы» ЖШС – гі жүйелі және белсенді көмек көрсетеді. Шаруашылықпен дәнді дақылдарды себу жүзеге асырылды, олардың өнімділігі 18 ц/га, майлы дақылдардың өнімі 12 ц/га болды.  Ет-сүт өнімдері сатылады, тұрақты ұннан жасалған тағамдар пісіру жасалады. Есеп беру уақытында ет өнімі – 107,5 тонна, сүт – 950 тонна, нан – 76 тонна.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің жалпы сомасы 22 млн. теңге құрайтын қаржыландыру жобасының 4  гранты бойынша, «СҚ АШТС» ЖШС-ның ғылым бөлімімен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Тұқымды асылдандыру жобаларықамтыған келесі бағыттар: ауылшаруашылығық дақылдарын қорғау, өсімдіктерді биологизациялау. Солтүстік Қазақстан дала аймағы жағдайында етті малдар үшін қысқы жайылым технологиясы бойынша біздің республикамызда алғашқы рет өңделген сынамалы жоба аса мәнді болып табылады. Есептік жылда, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің және аулшаруашылық вице-министрінің қатысуымен қәсіпорын базасында егін жинау науқаны бойынша облыстық семинар ұйымдастырылып және өткізілді. Мал шаруашылығы саласында қара мал басының өсімі бойынша жүелі жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ Степное ауылында 350 бас қара малға араналған сүтті-тауарлы  фермасының ағымдағы жөндеу орындалды.Құны 2 млн. 098 мың теңге тұратын  жыбық түрдегі сүтті салқындату үшін танк-жаңа жабдығы сатып алынды. 2015 жылы «СҚ АШТС» ЖШС-нің бағалау стансасымен 12 бас жоғары тұқымды бұқалар саттылды. «СҚ АШТС» ЖШС-де барлық қажетті  мал дәрігерлік алдын алу шаралары орындалды. Сондай-ақ «СҚ АШТС» ЖШС-мен орамдарды тиейтін жаңа жүк тиегіштері, тұқымсепкіш және тағам іріктеуіші сатып алынды.
Әмбебап архитектуралық мінездемесімен және өз көлемі бойынша біздің ескерткішіміздің күрделі жөндеуден өткізуі -қайырымдылық көмегі үшін «СҚ АШТС» ЖШС-гі директоры Б.К. Канафинге ерекше алғысымызды білдіреміз. Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы жылында, барлық округ тұрғындары үшін бұл жұмыс өте маңызды болып табылды.
Жұмыспен қамту Бағдарламасын орындау шеңберінде ағымдағы жылда 187 адам  жұмысқа орналастырылды,оның ішінде мерзімді жұмысқа 12 адам, қоғамдық жұмыстарға 9 азамат тартылды. С.Ф. Меденников ЖК-де 2 әлеуметтік жұмыс орны жасалды, жұмыс орындарын  берудегі негізгі көзі  «СҚ АШТС» ЖШС-гі болып табылады, мекемеде тұрақты жұмыс орны 391 адамға есептеулі, мерзімді жұмысшылар-12 адам, уақытша-222 адам. Орташа айлық еңбек ақы 73570 тенге. Жыл ішінде Аққайың ауданының Аграрлық колледжесінің 12 студенті студенттік практикаға алынып, оның ішінде 3 бітіруші тұрақты жұмыспен қамтылды.
Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау жұмыстары жүргізілді.  Атаулы әлеуметтік  көмек  және 18 жасқа дейінгі балалары бар  отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы үшін өтініш білдірген  отбасыларын тексеру жөніндегі округта учаскелік комиссиясы жұмыс істейді.Округтіңүш селосындағы  тұрмысы жағдайлары нашар отбасыларына тексеру жүргізіліп, алдын-ала мақсаты бойынша ата-аналық міндеттерінен бұлтаратын  ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Округ әкімімен бірге Шағалалы ДА бас дәрігерімен, учаскелік полиция инспекторымен осы іс-шаралардың орындалуына керекті шаралар белгіленіп өткізілді. Әкім аппараты мен мектеп ұжымдары ынтымақтастығы оқу процесін және оқушыларды тәрбиелеу жалпыға міндетті оқу туралы Заңының орындалуын қамтамасыз етеді. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде аудандық мәслихат депутаттарымен және округтегі мекемелердің басшыларымен  оқу жылы басталарда қайырымдылық 17 оқушыларға көмек көрсетілді.
Зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеңілдік бағасымен өтініштеріне сәйкес отын апару жалғастырылды. Зейнеткерлердің өміріндегі ерекше маңызды күндеріне және мерей тойларына назар  аударылды. Екі әлеуметтік қызметкермен 11 жалғыз тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі. Олардың жұмысы туралы ескерту және шағым қүтінушілерден болған жоқ. Жеңіс күнінің 70-жылдығына  арналған атаулы қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.  Ағымдағы жыл ішінде,«СҚ АШТС» ЖШС-мен үш жақты келесім шеңберінде көп балалы үш отбасына нанмен қамтамасыз ету жәрдемі көрсетілді.  Округ селоларындағы ардагерлер Кеңесімен өзара ынтымақтастық қарым - қатынас жүгізіледі. Ауылдық округі аймағында 48 мүгедек тұрады, олардың 5 ай сайын гигиеналық жабдықтар алады. Мүгедек балаларда назар аударусыз қалмайды, жыл ішінде мерекелер ұйымдастырылады. 
Тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетуге, скринингтен өту Шағалалы дәрігерлік амбулатория ұжымымен әрдайым ынтымактастық байланысжүзеге асырылуда.
Есептік мерзімде округ кәсіпкерлерінің белгілі нәтижелері бар. С.Ф.Медденникова ЖК-гі республикалық және облыстық азық-түлік көрмесіне, республикалық ауыл шаруашылық жәрменкесінде және Петропавл қаласындағы облыстық ауыл шаруашылық азық-түлік жәрменкелерінде жүйелі түрде қатысты.Жолаушылар тасымалы қызметі-такси бойынша қайта тіркелген кәсіпкерлер қатары толықтырылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлермен дүкен ғимаратының ішкі және сыртқы әдемілеу жөндеу жұмыстары жалғастырылуда.  С.И. Свистунова ЖК-нің «Мечта» дүкенін кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Кіші бизнес өкілдерімен азық-түлік және ұсынылатын тауар түрлерін кеңейту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізуде. Округтегі қайырылымдық іс-шараларды өткізуде барлық округ кәсіпкерлері демеушілік көмегін көрсетеді және  қолдау көрсетеді.
«Ветеринария туралы» Заңына сәйкес көктем-күз мерзімінде жоспарланған алдын-алу ветеринариялық-профилактикалық шаралар өткізілді. Ауылшаруашылық малдарының барлық турлерін бірдейлендіру, жасанды ұрықтандыру, жұмыс жоспарға сәйкес жалғасты.
Есепті мерзім ішінде округ спортсмендері әр түрлі спорттық іс-шараларға белсене қатысты. Шағалалы округі орталығында ұйымдастырылған «Ақ бидай-2015» аудандық жазғы спорттық мекерекеге қатысуын ерекше атауымыз керек.  Қызқы мезгілде барлық қалайтын ересектермен балалар Шағалалы ауылының хоккей айдыныда шұғылнануға болады.  Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында округтегі жастар мәслихатының депутатымен бірге жұмыс жүргізіледі, жастарға тиісті сауалдарды шешуге жәрдем көрсетіледі.
Жұмыс жоспарына сәйкес  балаларды, жастарды және ересек тұрғындарды  жұмылдырып мәдениет іс-шаралары жүелі түрде жүзеге асырылуда. Балаларды қорғау кініне арналған аудандық іс-шаралар конкусінде ойдағыдай қатысқан Шағалалы а. МҮ жас көркемөнерпаз мүшелері Саутнер Ирина, Пикулева Анастасия және Вильдейс Барбара дипломдарға қол жеткізді. Есепті жылда МҮ «Горенка» славяндық этномәдениет бірлестігі аудан және облыс орталықтарында атап өтілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған барлық іс-шараларда белсене қатысты. Сонымен қатар жетекшісі С.И. Вильдейс қоғамдық бірлестіктердің республикалық форум мүшесі ретінде елордамыз, Астана қаласына барды. «Горенка»ЭМБ Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының меңгерушісі алғыс хатымен ынталандырылды. Барлық мемлекеттік мерекесінде лайықты іс-шаралар орындалды.  
Округтегі елді мекендерді аббаттандыру және санитарлық тазарту үшайлығы шеңберінде дайындалып бекітілген іс-шаралар жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді.  Егін жинау бойынша облыстық семинар-жиынына арналған дайындық кезінде барлық ұйымдармен және тұрғындармен ауқымды жұмыс атқарылды.  Тұрғын үй аумағына жататын арам шөпті жою, күл, көң және қоқыс жиналған орындарды  тазартып шығару және абаттандыру бойынша әкім және аппарат мамандарымен үй-үйді аралау өткізіліп ескертулер жасалды.Шағалалы ауылында абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға 5 адам тартылды. Олармен көше жыраларында, бос жатқан орындарда арам шөптерден және қоқыстан тазарту жұмыстары жалғастырылды.  Шағалалы ауылының аялдама павелионы сырланды, електір бағандарын ақтау жұмыстары жасалды. Қыс мерзімінде шаруашылықпен  округтегі 3 селоның жолдарын, Степное және Южное селоаралық жолдарын, облыстық және аудандық бағыттағы жолдарын жүелі түрде  қардан тазарту жұмыстары жүзеге асырылады.  Сонымен бірге, «СҚ АШТС» ЖШС-гі  Шағалалы ауылының бағытталған көшелері бойынша күзде-қысқы мерзімде мектеп оқушыларын күнделікті мектеп жеткізу, сондай-ақ Степное және Южное ауылдарынан балаларды мектепке апта сайында алып келу жұмыстарын жалғастыруда. «Аймақтарды дамыту» Бағдарламасының шеңберінде Шағалалы ауылында балалар алаңы орнатылды.
Дәстүр бойынша, комиссиямен  «Ең жаксы тұрғын жайлар» деген қора жайлар белгіленіп жүлде орындары берілді.

2016 жылы басымды мақсаттарды орындау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады:халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобтарына тұрақты әлеуметтік қолдау; шағын және орта бизнес объектілерін кеңейту және нығайту; халыққа арналған көмек саласын кеңейту; астық өндіруді, тұқым өсіруді және мал шаруашылығын дамыту; округ ауылдарын абаттандыру.

                                                  
  Шағалалы ауылдық округінің әкімі                            
                                                                                                       Г. Добромирова

 


Қосымша 2

Аудан әкімдігінің

2016 жылғы «12» ақпандағы

№ 41 қаулысымен

бекітілгген

2016 жылғы қаңтар-ақпанында тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізу барысында

Аққайың ауданы ауылдық округтерінің әкімдеріне қойылған

сұрақтар мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша

іс-шаралар

№ р/р

Жасалған ескертулер/ ұсыныстар

Ескертулерді/ ұсыныстарды іске асырудағы шаралар мен орындау мерзімі

Жауапты

Бақылау

Ескерту

2016 жылдың I тоқсаны

Шағалалы ауылдық округі

8

Менің немереме 7 ай, бірақ бізге әлі күнге дейін дәрігер қобдишасы берілген жоқ, ал балалар тағамы бір ай үшін ғана алынған.

Петрова Наталья Петровна,

Южное ауылы

Өзін өзі жұмыспен қамтыған

Дәрі қобдишасын және балалар тағамын беруде көмек көрсетілсін.

2016 жылғы наурыз

Добромирова Гүлмира Оразбайқызы, округ әкімі;

Қабышева Сәуле Айдарханқызы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша).

Әленов Қанат Болатұлы, аудан әкімінің орынбасары

 

 


Ақпарат

Аққайың ауданы әкімдігінің отырысында берілген 2016 жылдың 23 ақпанындағы № 1 хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында келесіні хабарлаймын:

Жұмыс өткізілді, Шағалалы ДА Н.П. Петрованың немересіне дәрі қобдишасын, сондай-ақ бала аралас тамақтандыруда болғандықтан бала тағамының қажетті көлемі берілді.

Жоғарыда айтылғанның негізінде бұл тапсырма бақылаудан алынды.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі

Г. Добромирова