А.ж. 7 наурыз күні Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Нәзік жандарды округ әкімі Г. О. Добромирова құттықтап, әйелдердің қоғамдағы рөлін атап өтті. Содан басқа, әйелдерді педагогикалық еңбек ардагері Р. И. Мирвода, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-гі директорының ғылымы жұмыс жөніндегі орынбасары О. Ю. Соловьев құттықтады.

Халықаралық әйелдер күніне орай, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін округ әкімінің алғыс хаттарымен О. С. Нұрпейісова, Е. П. Красницкая мадақталды. Музыкалық жетекші К. Қ. Әбішеваның жетекшілігімен көркем өнерпаздар (Шағалалы ауылдық округінің "Радуга" этно-мәдени бірлестігінің, Г. А. Мұхамеджанова, М. В. Меркер, Н. И.Аносова, С.В. Вильгельм, О.С. Нұрпейісова, Л.В. Меркер, Е.В. Лактионова немерелерімен, Т.А. Гончарова), Шағалалы орта мектебінің оқушылары, Шағалалы ауылдық округінің «Радуга» этно-мәдени бірлестігінің орындауында әндер шырқалды. Н. Б Доронинаның басшылығымен билер тамашаланды. Балалар құттықтау-өлеңдерін оқыды. Іс-шараның жүргізүшілері: М. В. Меркер, А.П. Макаренко, Р.Ж. Нұрғалимов, Н.Б. Доронина болды. Власовка ауылдық округінің "Мрия" этно-мәдени бірлестігі дәстүрлі түрде өздерінің әсерлі әндерін орындап, мерекемен құттықтады. Әйелдер шығармашылық көрме-жәрмеңкесі ұыймдастарылды: кесте, бисерден жасалған бұйымдар және т.б., сүт өнімдері, әзірілген өнімдер болды. Әдемі безендірілген зал мен фойе мерекелік көңіл-күйін толықтырды. Нәзік жандарды мерекемен құттықтаймыз, мықты денсаулық, бақыт, отбасыңызға береке, табыс пен жақсы көңіл-күй тілейміз!