Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі Шағалалы ауылының көшесін қайта атау туралы 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылдың 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Шағалалы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі Шағалалы ауылының:

70 лет Октября  көшесі Бірлік көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды  өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      

Шағалалы ауылдық округінің әкімі                               Г. Добромирова