Программа развития местного сообщества на 2018 год

2018 жылғы 28 наурызында Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде Шағалалы ауылдық округінің елді мекендердің құрамдас бөліктерін келесі көшелерді Шағалалы а. бойынша Коммунальная, 70 лет Октября, Карл Маркс, Ленин, Октябрьская, Совет, Степное а. бойынша Калинин, Горького көшелері, Южное а. Совет көшесіатау мәселесін қарастыру бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті. Өткізілген жиналыс бойынша келесі шешім қабылданды: Шағалалы ауылы бойынша «Коммунальная» көшесін -«Достық» көшесіне ауыстыру, «70 лет Октября» көшесін - «Юбилейная» көшесіне ауыстыру, «Карл Маркс» көшесін - «Владимир Макаренко» көшесіне, «Ленин» көшесі - «Астана» көшесіне , «Октябрьская» көшесін -«Вадим Буторин» көшесіне, «Совет» көшесін «Аққайың» көшесіне; Степное а. бойынша «Калинин» көшесін «Мағжан Жұмабаев» көшесіне, «Горького» көшесін-« Максим Горький көшесіне»; Южное а. «Совет» көшесін-«Бірлік» көшесіне өзгерту.

Көктемнің алғашқы күні Шағалалы ауылдық округінің тұрғындары жаңа болса да, бірақ терең мағыналы мерекені – Алғыс айту күнің атап өтті.

Еске сала кетейік, жаңа мереке 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің № 173 Жарлығымен бекітілген. Сол құжатта 1 наурыз - өзінің ресми жылдық мерекесін өткізу күні бекітілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында 2015 жылдың 23 сәуірінде 20 жылдық мерейтойын өткізу аясында Ынтымақтастық күнін атап өтті.

«Бұл күн барлық қазақстандықтардың қайырымдылық, достық пен махаббаттың жарқын мерекесі бола алады», - деп Елбасы айтқан.

Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде округінің көркем өнерпаздарымен және Власовка ауылдық округінің «Мрия» этномәдени бірлестігін шақыруымен достық пен келісім символы ретінде Алғыс айту күніне арналған концерт өтті. Ауылдық округінің әкімі Г.О. Добромирова және «СҚ АШТС» ЖШС директоры, облыс мәслихаттың депутаты Б.Қ. Канафин құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар бос келмей: чак-чак, бауырсақ, кесек нан сыйлаған болды. Бағдарламада түрлі халықтардың әндері, частушкалары, билері тамашаланған.

Дөнгелек үстелдің бейбітшілікке толы жер үшін Елбасыға, әр түрлі этностарға құшақ жайған қазақ жерінің адамдарына шын жүректен құттықтау және алғыс сөздер шырқады.

Мерекенің құрметіне қайырымдылық көмек көрсеткен ұйымдар: «СҚ АШТС» ЖШС, «Свистунова С.И.» ЖК, «Меденникова С.Ф.» ЖК.

Шағалалы орта мектебінің оқушылары "Көршілерімізге рахмет" акцияның шеңберінде ауыл тұрғындарын мерекелік ашық хаттар сыйлап және алғыс сөздерін білдірді. Тимуров отряды қарт және жалғыз тұратын адамдарға барып, үйде көмек көрсетті.

Шын жүректен бәріне және баршаңызға алғыс білдіреміз! Мейрімділік, татулық, келісімдік тілейміз!

«Рухани жанғыру» бағдарламасының шеңберінде 2018 жылдың 27.02 аудандық Мәдениет үйінде Солтүстік Қазақстан облыстық филармонияның әртісі-Біржан Есжановтың концерті өтті. Шағалалы ауылының тұрғындары бұл мүмкіндікті жіберіп алмады :әртіс көп жылдар бойы өңір жұртшылығының сүйікті әншісі, түрлі аймақтық және республикалық байқауларының лауреаты болып табылады. Біржан Есжановпен бірге «Әдемі-ау» қазақ биінің ансамблі, солистер: Д.Құстанов, М. Ахметов, Г. Акішева, Н. Нұрпейісов өз өнерлерін тамашалады. Репертуардағы шығармаларының арқасында көрермендер өткен тарихына ұмтылған болды. Осындай іс-шаралар патриоттық тәрбиеге, Отанға деген сүйіспеншілікті, рухани дамытуға ықпал етеді деп санаймыз.

2018 жылдың 21.02. «Адал жол - честный путь» акция-марафонның шеңберінде және 2018 жылдың І-тоқсанына арналған Аққайың ауданы бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты аппараттық оқытуы өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптары бойынша әлеуметтік бейнебаяндар көрсетілген болды.Қатысқандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы үнпарақтар таратылды және сенім телефондарының мен Сall-орталығының. нөмірлері туралы хабарланды. Қатысқандардың жалпы саны - 14 адам.

Құрметті Шағалалы округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының қатысушылары! Сізді жергілікті қоғамдастық жиналысына елді мекендерді: құрамдас бөліктеріне: Шағалалы а. -Коммунальная, 70 лет Октября, Карл Маркс, Ленин, Октябрь, Советская, Южное а. - Советская көшесін, Степное а. - Калинин, Горький көшелерінеқайта атау беру тиісті аумақ халқының пікірін ескеру сұрағы бойынша шақырамыз. 2018 жылдың 28 наурызынасағат 16.00 Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде жиналыс өткізіледі.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі Г.Добромирова

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті жергілікті қоғамдастық жиынының мүшелері!

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 39-3-бабының 3-тармағына сәйкес Сізді 2018 жылдың 22 қаңтарында сағат 16:00-де Шағалалы ауылының Мәдениет үйіндеөтетін жергілікті қауымдастық жиынына шақырамыз.

Жиынның күн тәртібі:

1) жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелері;
2) жергілікті қоғамдастықтың байқау комиссиясын құру туралы;
3) жергілікті қоғамдастықтың тағы басқа мәселелері.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі аппараты

«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС биоотында жанатын модульдік қазан қондырғызың орнату жұмыстары аяқталып жатыр.

31.10.2017 Өткен демалыста Петропавл қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Шағалалы ауылдық округтің ауылшартауараөндірушілері белсенді қатысты: СҚ «АТС» ЖШС (картоп, жемшөп, арпа), В.А. Свистунов-ет өнімдері (сиыр еті, шошқа еті), С.Ф. Меденникова ЖК-шұжық өнімдері, «Шағалалы орта мектебі» КММ (консервіленген өнімдер). Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша ауданымыз жеңімпаз болып шықты. Біз жәрмеңкенің өткізуіне өз үлесімізді қосқанымыз үшін құаныштымыз!

02.11.2017 Бүгін Шағалалы ауылдық округінде Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі өтті.

03.11.2017 Аудан әкімі Г.О. Добромирова және Шағалалы ауылдық округтің тұрғындары республикалық "Ауыл шаруашылығы өнімдерін тауарлары өндіріспен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативін басқару негіздері" деген семинарға қатысты.

03.11.2017 2017 ж. 03.11. Шағалалы округқа мобилді топ келіп 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа форматтағы адрестік әлеуметтік көмекті енгізу туралы түсіндіру жұмысын өткізді.

03.11.2017 Бүгін ардагерлердің есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиналыстың нәтижесінде ардагерлердің жаңа құрамы сайланды.

04.11.2017 Бүгін Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ драма театрдың әртістер қойылымы өтті. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты, "Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибелік станция" ЖШС директоры Б.К. Канафин бұл іс-шараның демеушісі болып табылады. Шағалалы және көрші ауылдық округтерінің балалары ләззатпен және қуанышты көніл-күймен көркем театрлық қойлымды көрді.


2017 жылғы 30 қазан «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды



4 октября 2017 года - Объявление конкурса для занятия вакантных административных государственных низовых должностей корпуса «Б»



2017 жылғы 14 қыркүйек «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына жалпы конкурс жариялайды


2017 жылғы 29 тамыз - «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орындарына ішкі конкурс жариялайды

2017 жылғы 29 тамыз - «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды


2017 жылғы 9 маусым - «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды


2017 жылдың мамырында Шағалалы ауылдық округінде Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күндеріне арналып өткізілген мерекелік іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

Мамырдағы мерекелерді дайындау және өткізу іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Шағалалы ауылдық округінде келесі іс-шаралар өткізілді:

Республикалық ақция шеңберінде 25 жұлдызды күндері,«Ұлы дала, елі – 25 негізді Тәуелсіздік», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығына округте түрлі мәдени-көшілік және спорттық іс-шаралар, осы айтулы күнге арналған өткізілді: мектептерде салтанатты жиындар; ақпараттық сағаттар; дөңгелек үстелдер; ауылдық кітапханамен мектептер кітапханаларда кітаптар көрме және шығармашылық жұмыстар көрмесі; спорттық жарыстар; концерттық бағдарламалар ауылдық мәдениет үйенің көркемпаздар ұжымдарының қатусыумен;«Горенка»этномәдени бірлестігімен және аудандық мәдени үйенің тобы.

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

«Ақ орамал» республикалық акциясы аясында Шағалалы а. Мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті. «Ақ орамал» - жан тазалығы, аналық белгісі – ана сүті-адам өмірі негізінің белгісі.

Ежелгі салтқа сай, әйел өз орамалын жан-жалдасып жатқан екі жақ арасына тастаған жағдайда, екі жақ татуласқан.

«Горенка» этномәдени бірлестігінің төрағасы Светлана Игоревна Вильдейс «Ақ орамал» жайлы бірер сөз айтып кетті, ақ орамал бейбітшілік, тұрақтылық белгісі, біз еліміздің барлық азаматтарын дініне қарамастан «Елін-қорғауға шақырамыз» деді.

Кітапханада «Жан тазалығы» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Бұл көрмеде кітаптары фотоматериалдар көрсетілді. Іс-шараға Шағалалы орта мектебінің өкілдері, әкім аппаратының мамандары, МҮ қызметкерлері, этномәдени бірлестік мүшелері. 

Іс-шара соңында барлық қатысушылар ескерткіш басына келіп гүл шоқтарын қойды. 

Сондай-ақ «Ақ орамал» акциясы аясында салтанатты неке қию өтті.

2016 жылдың 4 қазанында Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі - 2016» «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» аудандық байқау конкурсы өтті. Мәдениет үйінің фойесында қолданбалы өнер көрмесі өтті. Көркем өнерпаз қатысушылары жан-жақты, сапалы бағдарламаны ұсынды.  Өнерпаздардың әрбір сахынаға шығуы, өзін өзі ұстауы аса шеберлікпен орындалды. Жиналған көрермен және қазылар алқасы өз алғыстарын шексіз қол соғумен білдірді.

Қазақстан халықтарының бірлігі Күні, Отан қорғаушысы Күні және Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған

 Шағалалы ауылдық округінде өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

Мамыр айындағы мерекелерді дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Шағалалы ауылдық округінде келесі іс-шаралар өткізілді:

1 мамыр сағат 10-30 Шағалалы орта мектебі – Центральная көшесі – Октябрьская көшесі – Шағалалы ауылдық округінің мәдениет үйі бағыты бойынша мерекелік шеру өткізілді, «Қазақстан – мәңгілік ел» ұраны бойынша митинг ұйымдастырылды және өткізілді; 

сағат 11-00 мәдениет үйінің алаңында Шағалалы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ортақ шаңырак астында» мерекелік концерті өтті;

сағат 22-00 мәдениет үйінің алаңында ауылдық округ жастарына арналған мерекелік би кеші өтті.   

Халықтың қамтуы 157 адамды құрады.

2 мамыр сағат 10-00 Шағалалы орта мектебінің спорт залында округ ұйымдарының командалары арасында волейбол бойынша турнир өтті. 

6 мамыр сағат 15-00 мәдениет үйінің алаңында Шағалалы орта мектебінің оқушылары арасында Отан Қорғаушысы Күніне арналған ән және сапқа тұру байқауы өтті; 

сағат 16-00 мәдениет үйінде «Соғыспен үйітілген жолдар» мерекелік концерті өтті.

Халықтың қамтуы 218 адамды құрады.

9 мамыр сағат 11-30 Шағалалы орта мектебі – Центральная көшесі – Октябрьская көшесі – ескерткіш кешені бағыты бойынша Мәңгілік полк шеруі ұйымдастырылды және өткізілді; 

сағат 12-30 ескерткіштің салтанатты ашылуы, шеру, гүл шоқтарын қою өткізілді, оған Аққайың ауданының әкімі Д.Б. Байтөлешов, Аққайың аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.Х. Оспанов, Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор А.К. Ракишев,  3 ауылдың тыл еңбеккерлері, 2 жауынгер-интернационалист, Чернобыльский АЭС жоюға қатысушы, округ тұрғындары және қонақтары қатысты;

сағат 13-00 Петропавл қаласынан келген «Riz» продюсерлік орталығының қатысуымен мерекелік концерт өтті;  

сағат 15-00 «СҚ АТС» ЖШС асханасында тыл еңбеккерлері, жауынгер-интернационалистер, Чернобыльский АЭС жоюға қатысушы 30 адамға ас берілді;

сағат 22-00 ескерткіш кешені алаңында округ тұрғындары және олардың қонақтарына арналған мерекелік салют берілді; 

сағат 22-30 мәдениет үйінде мерекелік би кеші өтті.   

Халықтың қамтуы 550 адамды құрады.

Шағалалы ауылдық округінің

         әкімі                                                   Г. Добромирова