2019 жылдың 22 ақпан күні құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарын жүзеге асыру мақсатында, округінің әкімі Г. О. Добромированың төрағалымдылығымен, комиссия округте тұратын көп балалы отбасылардың талдауын өткізді.

2019 жылдың 18 ақпан күні Шағалалы ауылының Мәдениеит үиінде округ әкімі аппаратымен тұрғындар арасында құқықтық оқыту өткізілді. Күн тәртібінде келесі тақырыптар:

1. «Қызылжар - адалдық алаңы жобалық офистің жұмысы туралы;

2. Бірыңғаи жиынтық төлем төлеу ережесі (БЖТ);

3. Су тасқын жағдаиында тұрғындардың іс-әрекеттері туралы.

Келгендерге қоиылған сұрақтарға түсіндірмелер берілді, жаднамалар таратылды.

2019 жылдың 15 ақпан күні округ әкімінің аппаратында іс жүргізу жөніндегі бас маман Ә.Е. Наурызбаевамен және жетекші маман-бухгалтер В.П. Макаренкомен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жемқорлық бұзызылық жасаған үшін жааапкершілік» тақырыбына аппараттық оқу өткізілді.

А.ж. 15 қаңтар күні ауылыдық округі әкімінің аппараты интернационалист - жауынгер Геннадий Иосифович Кеданың зиратына барып, гүл шоқтарын мен шіріні қоиып, еске алынды.

2019 жылдың 13 қаңтар күні Мәденйет үйінде Шағалалы Ауғанстаннан Кеңес әскерлер шығарылуының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мекемелердің басшылары, тыл еңбеккерлер, мұғалімдер, оқушылар және округтің тұрғындары шақырылған болды. Іс-шараның басында интернационалист-жауынгерлер: С.Н. Гавриленко, Л.В. Ничипорчук Даңқ мемориалына соғыстан оралмаған сарбаздарға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады. Іс-шара Мәдениет үйінің ұжымы, Шағалалы орта мектебі оқушыларының қатысуымен дайындалынған: әндер, оның ішінде гитарамен, би нөмірлері.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі 2019 жылғы 03 қаңтардағы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі жарияланған конкурс 2019 жылғы 05 ақпандағы Аққайың аудандық жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сәйкес тоқтатылсын.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялайды

Конкурсты өткізу орны мен күні: СҚО, аудан әкімі аппараты шағын залы 2019 жылғы 25 ақпанда сағат 16:00 - де

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Гүлмира Оразбайқызы Добромированың 2017 жылы 2487961 теңге құрды.

Құрметті Шағалалы округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері! Сізді келесі сұрақтар бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысына шақырамыз:

1) Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы;

2) Бақылау комиссияның 2018 жылдың IІ - жартыжылдығының есебі;

Жиналыс 2018 жылдың 26 қарашасында сағат 16.00 Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде жиналыс өткізіледі.

Шағалалы ауылдық округі әкімінің м.а. А.Наурызбаева

Құрметті Шағалалы округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері! Сізді келесі сұрақтар бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысына шақырамыз:

1) бақылау комиссияның 2018 жылдың I - жартыжылдығының есебі;

2) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылындағы Мира, Новая, Строительная көшелерінде, Строительная және Луговая көшелерінің шолағына жарықтандыруды орналастыру бойынша сметалық құжатнаманы бекіту.

Жиналыс 2018 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 16.00 Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде жиналыс өткізіледі.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі Г.Добромирова

Құрметті Шағалалы округінің тұрғындары! Сізді 2018 жылдың 24 тамызынасағат 16.00 Шағалалы ауылының Мәдениет үйіне «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласының жұмысы туралы есебін халық алдында талқылау үшін шақырамыз.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі Г.Добромирова

Құрметті Шағалалы округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері! Сізді келесі сұрақтар бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысына шақырамыз:

1) Шағалалы ауылдық округінің жергілікті қауымдастықтардың Аққайың аудандық жер комиссиясына өкілін табыстау;

2) Округ елді мекендерін аббатандыруы.

Жиналыс 2018 жылдың 4 маусымында сағат 16.00 Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде жиналыс өткізіледі.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі Г.Добромирова

2018 жылдың 25 сәуіріңде Шағалалы ауылдың Мәдениет үйдің үшінде жергілікті қоғамдастық жиналысына Сізді шақырамыз, келесі сұрактар бойынша:

1. Округтің елді мекендерді абаттандыру.

2.Жеке сектордағы мал жаюды ұйымдастыру туралы.

3. Ірі мүйізді малдың асыл тұқымды түрлендірілуі туралы.

Шағалалы ауылдың округінің әкімі Г. Добромирова

Программа развития местного сообщества на 2018 год

2018 жылғы 28 наурызында Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде Шағалалы ауылдық округінің елді мекендердің құрамдас бөліктерін келесі көшелерді Шағалалы а. бойынша Коммунальная, 70 лет Октября, Карл Маркс, Ленин, Октябрьская, Совет, Степное а. бойынша Калинин, Горького көшелері, Южное а. Совет көшесіатау мәселесін қарастыру бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті. Өткізілген жиналыс бойынша келесі шешім қабылданды: Шағалалы ауылы бойынша «Коммунальная» көшесін -«Достық» көшесіне ауыстыру, «70 лет Октября» көшесін - «Юбилейная» көшесіне ауыстыру, «Карл Маркс» көшесін - «Владимир Макаренко» көшесіне, «Ленин» көшесі - «Астана» көшесіне , «Октябрьская» көшесін -«Вадим Буторин» көшесіне, «Совет» көшесін «Аққайың» көшесіне; Степное а. бойынша «Калинин» көшесін «Мағжан Жұмабаев» көшесіне, «Горького» көшесін-« Максим Горький көшесіне»; Южное а. «Совет» көшесін-«Бірлік» көшесіне өзгерту.

Көктемнің алғашқы күні Шағалалы ауылдық округінің тұрғындары жаңа болса да, бірақ терең мағыналы мерекені – Алғыс айту күнің атап өтті.

Еске сала кетейік, жаңа мереке 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің № 173 Жарлығымен бекітілген. Сол құжатта 1 наурыз - өзінің ресми жылдық мерекесін өткізу күні бекітілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында 2015 жылдың 23 сәуірінде 20 жылдық мерейтойын өткізу аясында Ынтымақтастық күнін атап өтті.

«Бұл күн барлық қазақстандықтардың қайырымдылық, достық пен махаббаттың жарқын мерекесі бола алады», - деп Елбасы айтқан.

Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде округінің көркем өнерпаздарымен және Власовка ауылдық округінің «Мрия» этномәдени бірлестігін шақыруымен достық пен келісім символы ретінде Алғыс айту күніне арналған концерт өтті. Ауылдық округінің әкімі Г.О. Добромирова және «СҚ АШТС» ЖШС директоры, облыс мәслихаттың депутаты Б.Қ. Канафин құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар бос келмей: чак-чак, бауырсақ, кесек нан сыйлаған болды. Бағдарламада түрлі халықтардың әндері, частушкалары, билері тамашаланған.

Дөнгелек үстелдің бейбітшілікке толы жер үшін Елбасыға, әр түрлі этностарға құшақ жайған қазақ жерінің адамдарына шын жүректен құттықтау және алғыс сөздер шырқады.

Мерекенің құрметіне қайырымдылық көмек көрсеткен ұйымдар: «СҚ АШТС» ЖШС, «Свистунова С.И.» ЖК, «Меденникова С.Ф.» ЖК.

Шағалалы орта мектебінің оқушылары "Көршілерімізге рахмет" акцияның шеңберінде ауыл тұрғындарын мерекелік ашық хаттар сыйлап және алғыс сөздерін білдірді. Тимуров отряды қарт және жалғыз тұратын адамдарға барып, үйде көмек көрсетті.

Шын жүректен бәріне және баршаңызға алғыс білдіреміз! Мейрімділік, татулық, келісімдік тілейміз!

«Рухани жанғыру» бағдарламасының шеңберінде 2018 жылдың 27.02 аудандық Мәдениет үйінде Солтүстік Қазақстан облыстық филармонияның әртісі-Біржан Есжановтың концерті өтті. Шағалалы ауылының тұрғындары бұл мүмкіндікті жіберіп алмады :әртіс көп жылдар бойы өңір жұртшылығының сүйікті әншісі, түрлі аймақтық және республикалық байқауларының лауреаты болып табылады. Біржан Есжановпен бірге «Әдемі-ау» қазақ биінің ансамблі, солистер: Д.Құстанов, М. Ахметов, Г. Акішева, Н. Нұрпейісов өз өнерлерін тамашалады. Репертуардағы шығармаларының арқасында көрермендер өткен тарихына ұмтылған болды. Осындай іс-шаралар патриоттық тәрбиеге, Отанға деген сүйіспеншілікті, рухани дамытуға ықпал етеді деп санаймыз.

2018 жылдың 21.02. «Адал жол - честный путь» акция-марафонның шеңберінде және 2018 жылдың І-тоқсанына арналған Аққайың ауданы бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты аппараттық оқытуы өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптары бойынша әлеуметтік бейнебаяндар көрсетілген болды.Қатысқандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы үнпарақтар таратылды және сенім телефондарының мен Сall-орталығының. нөмірлері туралы хабарланды. Қатысқандардың жалпы саны - 14 адам.

Құрметті Шағалалы округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының қатысушылары! Сізді жергілікті қоғамдастық жиналысына елді мекендерді: құрамдас бөліктеріне: Шағалалы а. -Коммунальная, 70 лет Октября, Карл Маркс, Ленин, Октябрь, Советская, Южное а. - Советская көшесін, Степное а. - Калинин, Горький көшелерінеқайта атау беру тиісті аумақ халқының пікірін ескеру сұрағы бойынша шақырамыз. 2018 жылдың 28 наурызынасағат 16.00 Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде жиналыс өткізіледі.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі Г.Добромирова

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті жергілікті қоғамдастық жиынының мүшелері!

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 39-3-бабының 3-тармағына сәйкес Сізді 2018 жылдың 22 қаңтарында сағат 16:00-де Шағалалы ауылының Мәдениет үйіндеөтетін жергілікті қауымдастық жиынына шақырамыз.

Жиынның күн тәртібі:

1) жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелері;
2) жергілікті қоғамдастықтың байқау комиссиясын құру туралы;
3) жергілікті қоғамдастықтың тағы басқа мәселелері.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі аппараты